Қазақстандық дзюдошы Абу-Дабиде Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды

2 218

Фото: olympic.kzҚазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Абу-Дабиде Grand Slam турнирінің қола медалін иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Назгүл 100 келіден жоғары салмақта ресейлік Анастасия Холодилинамен белдесу өткізді.

Голден скорда ресейлік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Назгүлге берілді.

Тағы бір қазақстандық Карина Такиева осы ауыр салмақта хорватиялық Хелена Вуковичпен татамиде жүздесіп, отандасымыз шидо санымен жеңіліс тапты. 

Қазақстан құрамасы Grand Slam турниріні үш қола медалін еншіледі.