Ел қоржынына алтын әкелген Шұғыла Өмірбек марапатталды

1 522

Фото:Түркістан облысының әкімдігіӘйелдер күресінен  ел қоржынына алтын салған Шұғыла Өмірбек марапат төрінен көрінді ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде Түркия өкілі Туба Демирді 12:8 есебімен жеңген спортшы ұзақ үзілістен кейін елімізге алтын жүлде тарту етті.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тарапынан Шұғылаға алғыс хат пен автокөліктің кілті тапсырылып, бапкері Нұржігіт Ерімбетовке де сый-сияпат көрсетілді. Спортшы келесі басты мақсаты – 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында жеңіске жету екенін айтты.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.