Сабыржан Аққалықов моңғол боксшысын өз жерінде нокаутпен жеңді

2 520

Фото: ©Бокс федерациясыМоңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) жартылай финалда жеңіске жетіп, шешуші кезеңге жолдама алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы жартылай финалда алаң иесі Далай Ганзоригпен қолғап түйістірді. Кездесу басталған сәттен-ақ Сабыржан басымдықты өз қолына алып, бірінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Екінші раундта да Аққалықовтың айқын үстемдігі байқалып, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

Осылайша, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты. Алтын медаль үшін ол Өзбекстан боксшысы Жавохир Абдурахимовпен кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.