Футбол клубындағы ақша жымқыру ісінде күдіктінің есімі аталды

2 694

Фото: “Ордабасы” ФКШымкенттегі "Ордабасы" футбол клубына қатысты жемқорлық ісі бойынша күдікті тұлғаның аты-жөні жария етілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Прокуратураның мәліметінше, клубтың бұрынғы президенті Бауыржан Әбдубайытов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Қадағалаушы органның хабарлауынша, қызмет атқарған кезінде Әбдубайытов футболшылармен келісімшарттарды директорлар кеңесінің мақұлдауынсыз өзі бекіткен. Осы келісімшарттар аясында ойыншыларға қомақты бонустар белгіленіп, бұл бюджет қаражатының орынсыз жұмсалуына себеп болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 2,3 миллиард теңгені құрайды. Нақты деректерге сәйкес, осындай 21 келісімшарт жасалған.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тағы бір қылмыстық іс қозғады. Бұл іс лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және 1,2 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау фактісі бойынша қозғалған. Аталған қаражат клубтың конференциялар лигасының екінші кезеңіне қатысуы үшін бөлінген, алайда тексеріс нәтижесінде бұл қаржы футболшыларға үстемақы төлеуге және клубтың салық қарызын өтеуге жұмсалғаны анықталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.