Геннадий Головкин ХХІ ғасырдың ең үздік боксшылары рейтингісіне енді

319

Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы әлемнің ең үздік боксшыларының жеке рейтингін жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап. 


Рейтингтің бірінші орнында американдық Флойд Мэйвезер орналасқан. Екінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо тұрса, үздік үштікті мексикалық Сауль "Канело" Альварес аяқтап тұр. Қазақстандық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин рейтингке үздік ондықта орналасқан. 

Daily Mail нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдағы P4P боксшыларының рейтингі төмендегідей:

       Флойд Мэйвезер (АҚШ)
       Мэнни Пакьяо (Филиппин)
       Сауль "Канело" Альварес (Мексика)
       Бернард Хопкинс (АҚШ)
       Хуан Мануэль Маркес (Мексика)
       Роман Гонсалес (Никарагуа)
       Нонито Донэйр (Филиппин)
       Марко Антонио Баррера (Мексика)
       Александр Усик (Украина)
       Геннадий Головкин (Қазақтан).

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.