"Қайрат" лондондық "Арсеналдан" ұтылды

2 531

Фото: Пресс- служба ФК "Қайрат"Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өнерін аяқтады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің соңғы, 8-туры аясында қазақстандық команда сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" кездесіп, 3:2 есебімен жеңіліс тапқан.

Ойын өте жылдам әрі тартысты басталған. Матчтың 2-минутында "Арсенал" шабуылшысы Дьёкереш есеп ашқан. Көп ұзамай "Қайрат" сапынан Жоржиньоға қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгілеген. 11 метрлік айып добын Жоржиньо дәл орындап, есепті теңестірген.

Дегенмен 15-минутта Хаверц алматылықтардың қорғанысындағы олқылықты пайдаланып, "Арсеналды" қайтадан алға шығарған. Ал бірінші таймның соңына қарай Мартинелли гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізген.

Екінші таймда екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттер сирек тіркелген. Кездесудің аяқталуына жақын Рикардино мергендік танытып, "Қайраттың" бір голын қайтарған. Алайда бұл нәтиже ойын тағдырын өзгертуге жеткіліксіз болған.

Осылайша тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған "Қайрат" плей-офф кезеңіне, яғни 1/16 финалға өте алмай, турнирдегі жорығын аяқтаған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.