Асу Алмабаевтың UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы белгілі болды

2 513

Файтер Асу Алмабаев 2024 жылы UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайдыы "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралыFirst Round Management ұйымының Instagram-дағы ресми парақшасына жариялаған. Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі екінші кездесуін америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді. Екі спортшы арасындағы жұдырықтасу 2024 жылы 9 наурызға жоспарланған. 

Аса жеңіл салмақтағы файтерлер UFC 299 турнирінде күш сынасады. Асудың келесі қарсыласы Вергара UFC промоушеніндегі мансабын әйгілі Оди Осборнға қарсы бастаған еді. Алайда төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Асу Алмабаевтың да UFC лигасындағы алғашқы қарсыласы Оди Осборн (12-5) еді. Үш раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Кездесудің екінші бөлігінде қазақстандық файтер қарсыласына қылқындыру әдісін сәтті жасап, жеңіске жетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.