"Қайрат" тарихында алғаш рет Еурокубоктың топтық кезеңіне шықты

404
Алматылық "Қайрат" Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде Люксембургтің "Фола" клубымен ойнады.

Командалар арасындағы алғашқы матч Эш қаласында өтіп, есеп "Қайраттың" пайдасына шешілді.

Алматылық клуб сырт алаңда жауапсыз төрт гол соғып, қақпасына тек бір доп өткізіп алған.

Кеше Алматы қаласындағы "Орталық стадионда" қарымта кездесу өтті.

Есепті "Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначев ойынның небәрі он екінші минутында ашып, командасын алға шығарды. Голдық пастың авторы жақында ғана оңтүстік астаналық ұжымның сапына қосылған Рикарду Алвеш.

Бұдан кейін де "Қайрат" шабуылын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде матчтың 28-минутында аты аңызға айналған Вагнер Лав есепті еселеді. Бразилиялық сұрмерген "Фоланың" үш ойыншысын алдап өтіп, қарсыластың қақпашысынан айласын асырды. Оған да гол соғуға мүмкіндік сыйлаған Рикарду Алвеш.