UFC чемпионы Ян Блахович UFC 266-да чемпиондық атағын қорғайды

326

Фото: Prosports.kz.Жартылай ауыр салмақта UFC-дің қазіргі чемпионы Ян Блахович келесі жекпе-жегінің күнін анықтады.

38 жастағы поляк 4 қыркүйекте өтетін UFC 266 турнирінде өнер көрсетеді. Блаховичтің қарсыласы бразилиялық Гловер Тейшейра болады. 41 жастағы Гловер жартылай ауыр салмақтағы титул үшін бұрын таласқан еді. 2014 жылдың сәуірінде ол Джон Джонстан UFC 172-де төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Тейшейра 2019 жылдың қаңтарынан бері бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Блаховичке келетін болсақ, Ян өткен қыркүйекте Доминик Рейесті нокаутқа жіберіп, титулға қол жеткізді. Ал жақында ғана өткен UFC 259 турнирінде Израиль Адесаниядан басым түсіп, бебеуін сәтті қорғады.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.