Астанадағы Әлем кубогы: Назым Қызайбай өзбек қызын жарыс жолынан шығарды

2 146

Фото: Спортты дамыту дирекциясыБокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында Назым Қызайбай кезекті жеңісіне қол жеткізіп, жартылай финалға шықты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.





Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күні басталды.


Рингке бірінші болып 3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай шықты. Ол ширек финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Фарзона Фозиловамен кездесті.

Бірінші раунд тартысты өткенімен, қалған раундтарда Назым басымдық танытқан. Есеп: 5:0.

Айта кетейік, Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық 9 боксшы шаршы алаңға шығады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.