Уимблдон: Елена Рыбакина Серена Уильямстің жетістігін қайталады

2 296

Фото: ҚТФҚазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы, Елена Рыбакина Уимблдон турнирлерінде жеңіс санының пайызы (87,5) жөнінен төртінші орынға көтерілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

OptaAce X әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина Уимблдонда әйелдер арасында жекелей сында бұл көрсеткіш бойынша атақты америкалық теннисші, «Үлкен дулыға» жарыстарының 23 дүркін чемпионы Серена Уильямспен теңесті.

Рекорд Энн Хейдон-Джонсқа (92,3 пайыз) тиесілі. Одан кейінгі орындарда Штеффи Граф (91,4 пайыз) пен Мартина Навратилова (89,6 пайыз) орналасқан.

Қазақстандық теннисші Уимблдонға алғаш қатысқан 2021 жылы төртінші айналымға дейін жетсе, одан кейін чемпион атанды. 2023 жылы ширек, өткен жылы жартылай финалда өнер көрсетті.

Биыл Е.Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен шеберлік таластырады.

Елена Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды.