Давид Дегтярев Қазақстан рекордын жаңартты

2 962

Фото: Паралимпийский комитет/Нұрғали ЖұмағазыПара пауэрлифтингтен Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев кезекті жарыста жаңа рекорд орнатып, өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

10 маусымда Таразда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Қазақстанның 7-ші спартакиадасы өз бастауын алды. Байрақты бәсекеге тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмен және зияткерлік даму ерекшелігі бар спортшылар қатысуда.

Пауэрлифтинг санатында екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев өнер көрсетті. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, ол чемпион атанып, 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 180 келі штанганы көтеріп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.