Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Ливтин алтын медаль алды

463

Фото: Prosports.kz.Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Ливтин алтын медаль алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Ол 400 метрлік қашықтықта жүгіруден сайысқа түсті. Нәтижесінде 45,36 секундтық көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.


М. Литвин іріктеу кезеңінде 44,94 секундтық көрсеткішпен Қазақстан рекордын жағартқан еді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 15 медальмен (6 алтын, 1 күміс, 8 қола) жалпыкомандалық есепте үшінші орында тұр.
Көш басында 54 (22-18-14) медальмен Түркия құрамасы келе жатса, екінші орында 29 медальмен (9 алтын, 13 күміс, 7 қола) Иран спортшылар тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын индор хоккейден Азия кубогында қазақстандық екі құрама да 
жеңіске жетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.