Қанат Исламның алғашқы жеңілісінен кейінгі жекпе-жегі қашан болатыны белгіленді

412
Белгілі былғары қолғап шебері Қанат Ислам мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін шаршы алаңға қай күні шығатыны белгілі болды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Sports.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) алдағы екі аптаның шамасында рингке оралады.

Қ.Исламның жаттықтырушысы Роджер Ромо боксшының келесі жекпе-жегінің нақты күнін 7 қазанға белгіледі. Қазақ боксшысының қайда және кіммен жұдырықтасатыны әзірге анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам ақпан айында соңғы жекпе-жегін өткізіп, кәсіпқой бокс мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын. Ол британдық Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) қолғап түйістіріп, жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Global титулы сарапқа салынады. Ислам бұған дейін WBO International титулына ие болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.