«Барыс» ойыншысы айына 40 миллион теңге жалақы алады
339
Белгілі журналист Мақсат Толықбай «Барыс» хоккей клубының ойыншылары жоғары жалақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Адырна сайтына сілтеме жасап.
Айтуынша, команданы «Самұрық Қазына» қоры қаржыландырады.
«Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралап тұрғанда «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен «ерекше» келісімшарт жасасып жатыр. «Самұрық Қазына» қоры Үкіметке қарайды. Яғни, ондағы қаржының сұрауы болуы керек!
Мәселе мынада. «Барыс» Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 миллион теңге төлейміз деп шешім қабылдапты. Өткен аптада әріптестер бұл мәселені көтерді. «Барыс» та, «Самұрық Қазына» да үнсіз. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, қазіргі (рубль – теңге ) курсымен 481 миллион теңге жалақы төлемекші.
Айналайындар-ау, айына 40 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма?
Кәсіби клубтарды қаржыландыруды тоқтату керек! Одан да ол ақша бұқаралық спортты дамытуға жұмсалсын»,— деді ол.