Дастан Сәтпаев “Қайрат” –“Тобыл” матчына қатыспайды

2 513

Фото:”Қайрат” фк28 - ші ақпан “Астана Аренада” “Қайрат” – “Тобыл” арасында матч өтеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айтулы матч жаңа маусым аясындағы дәстүрлі Суперкубок ойынымен басталмақ. Қос команда үшін де бұл ойын маңызды.

Алматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы, ал қостанайлық “Тобыл” ел кубогының иегері.

Алайда бұл тартысқа “Қайраттың” 17 жастағы жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев  қатыспайды.

Дереккөздердің мәліметінше Дастана әлі де ем қабылдап жатырғаны анықталған.

Ол 2025 жылдың қараша айынан бері бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының соңғы екі ойыны “Брюгге”, “Арсеналдарға” қарсы матчтарға да алаңға шықпаған.