15 жастағы қазақстандық спортшы греплингтен әлем чемпионы атанды

241

Жібек Құлымбетова греплингтен әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


World championship grappling/grappling GI Moscow 2021 жарысында өнер көрсеткен 15 жастағы спортшы финалдық кездесуде қарсыласын 8:4 есебімен жеңді. 

Жалпы турнирде Жібек 44 келі салмақ дәрежесінде үш жекпе-жек өткізген. 

"Қарсыластырдың барлығы мықты. Әсіресе финалда ауыр айқас болды. Қарсыласымды "тұншықтыру" тәсілімен ұтуға мүмкіндік болды. Бірақ ол сытылып кетті. Соңғы сәтте барымды салғанымның арқасында жеңдім. Сол үшін қуаныштымын. Тіпті салмақ қууға тура келді. Енді ес жиып алған соң жаттығуға кірісемін", - деді Жібек Құлымбетова. 

Әлем чемпионатына барлығы 9 елден келген спортшылар мен ардагерлер қатысқан. 

Жібек Құлымбетова бұған дейін Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан төртінші рет әлем чемпионы атанған болатын. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.