Қазақ балуаны Арменияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды

2 682

Фото: ҰОКҚазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіров әскерилер арасында әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігі басталып, балуандарымыз жарыстың алғашқы күнінде сәтті өнер көрсетті.

Еркін күрестен 70 келі салмақта сынға түскен Мейіржан Әшіров қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Ол жартылай финалда ирандық балуанды 10:0 есебімен ұтса, финалда үндістандық спортшыны қапы қалдырды. Осылайша Мейіржан Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды. 

Сондай-ақ әйелдер арасында 50 келіде бақ сынаған Светлана Акинчева да әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.