Ауыр жағдай: Мессидің әкесі қайтыс болды

2 517

Фото; Видеодан скринФутбол жұлдызы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол 7 тамыз күні Аргентинаның Росарио қаласындағы медициналық орталықта ұзаққа созылған аурудан кейін өмірден өткен. 

Хорхе Месси ұлының футболдағы жолында ерекше рөл атқарды. Ол Лионельдің жас кезінен бастап мансабын бақылап, кейін оның агенті және кеңесшісі ретінде келісімшарттары мен кәсіби мәселелерін басқарды. Сондай-ақ Лионельдің «Барселона» академиясына ауысу кезеңінде оның жанында болды. 

Футбол әлемінің көптеген өкілдері, соның ішінде «Барселона», «Ньюэллс Олд Бойз» және Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (CONMEBOL) Хорхе Мессидің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.