Аргентина құрамасы әлем чемпионы болды

452
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе сегіз голмен әлем чемпионатының үздік бомбардирі атанып, ФИФА-ның "Алтын бутсысын" алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Лусаил Иконик" стадионында өткен финал кездесуінің екі таймы 2:2 есебімен аяқталды, қосымша уақытта командалар бір-бірімен гол алмасты. Аргентина құрамасы сапында Лионель Месси дубль жасап, 23-ші минутта пенальтиден және ойынның 109-шы минутында гол соқты.


Аргентина сапында кездесудің 36-минутында Анхель ди Мария тағы бір гол соқты. Килиан Мбаппе Франция сапында хет-трик жасады. Ол 80-ші және 118-ші минуттарда пенальтиден және ойынның 81-минутында гол соқты.
Пенальтилер сериясында Аргентина құрамасы мықтырақ болды – 4:2. Француздарда Коман мен Тчуамени 11 метрлікті сәтсіз орындады. Пенальтиден шешуші голды Гонсало Монтиэль соқты.


Аргентина құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы болды. Бұған дейін 1978 және 1986 жылдары жеңіске жеткен болатын. 1930, 1990 және 2014 жылдары құрама финалға шықты.


Ал Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе сегіз голмен әлем чемпионатының үздік бомбардирі атанып, ФИФА-ның "Алтын бутсысын" алды.