"Қайрат" футболшылары Миландағы алғашқы жаттығуын өткізді

2 569

Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметіАлматылық "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі команда мүшелерінің Италиядағы алғашқы жаттығуынан фото жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматылық клубтың "Интермен" ойыны алдындағы алғашқы жаттығуынан фотолар клубтың желідегі парақшасында жарияланды.

"Бірінші кеш – бірінші жаттығу", - делінген жазбада.

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі команда ойыншыларының Италияға аттанғанын, онда Миланның "Интеріне" қарсы ойын өткізетінін хабарлады. Матч әйгілі "Джузеппе Меацца" стадионында болады.

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні сағат 01:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімі Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.