Жас теннисші Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты
Қазақстандық, 17 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ә.Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ә.Омарханов – Т.Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен таласады.
Жекелей сында Әмір Омарханов алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.
Бүгін Ролан Гаррос кортында Соня Жиенбаева – Асылжан Арыстанбеков доданың 5-ракеткалары, аустралиялық Эмерсон Джонс – Виттория Паганеттимен кездеседі.
Ересектер арасында Қазақстаннан жалғыз қалған Елена Рыбакина мен италиялық Ясмине Паолинидің ширек финалдық матчы 5 маусымға белгіленген.