Елордада өткен велоспорттан ірі халықаралық жарыс өз мәресіне жетті

295

Елордада 19-22 мамыр аралығында Silk Way series Astana I және II (CL2) тректерінде велоспорттан халықаралық жарыс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.


«Сарыарқа» велотрегінде өткен турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Иран, БАӘ және Литва елдерінен элита санатындағы спортшылар қатысты.


Жарыс Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) күнтізбесіне кіреді және спортшыларға әлем чемпионатына және сол жерден Олимпиадаға іріктеу үшін қажетті ұпай жинауға мүмкіндік береді.


Жарыс қорытындысы:

Жеке спринт, ерлер

1-орын – Андрей Чугай (Astana Track Team)

2-орын – Дмитрий Резанов (Astana Track Team)

3-орын – Рамазан Мұхтар


Жеке спринт, әйелдер

1-орын – Юлия Голубкова (Astana Track Team)

2-орын – Сетаре Заргар (ATZ Track Cycling Team)

3-орын – Фатеме Хадаванд (ATZ Track Cycling Team)


Кейрин, ерлер

1-орын – Андрей Чугай (Astana Track Team)

2-орын – Дмитрий Резанов (Astana Track Team)

3-орын – Лауринас Винскас (Литва ұлттық құрамасы)


Кейрин, әйелдер

1-орын – Фатеме Хадаванд (ATZ Track Cycling Team)

2-орын – Юлия Голубкова (Astana Track Team)

3-орын – Меде Назари (ATZ Track Cycling Team)


Омниум, ерлер

1-орын – Илья Қарабутов (Astana Track Team)

2-орын – Руслан Елубаев (Қазақстан ұлттық құрамасы)

3-орын – Сергей Кармажаков (Astana Track Team)


Омниум, әйелдер

1-орын – Оливия Балейшите (Литва ұлттық құрамасы)

2-орын – Маргарита Мисурина (Tashkent Track Team)

3-орын – Ангела Соловьева (Қазақстан ұлттық құрамасы).


Марапаттау рәсіміне Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарлары Айгүл Бектенова мен Бекболат Байжанов және «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ тәрбиеленушілері қатысты.


Жарыс барысында орталық тәрбиеленушілеріне велосипедшілерді қалай таныстыратыны туралы суреттер салу ұсынылды.


Іс-шара соңында балалар жеңімпаздарға өз суреттерін сыйға тартты.