Қытайда өтетін қысқы олимпиадаға спортшыларымыздың дайындықтары қалай?
303
Көрші елде Бейжің қаласында 2022 жылғы ХХІV қысқы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов ел спортшыларының дайындығы туралы сөз қозғады деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қанағатов Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас Ассамблеясының отырысында айтты.
"Бейжің Қысқы Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Адын ала мәлімет бойынша 4 мыңнан астам спортшы 95 елден қатысады деп жоспарланып отыр.
Істеліп жатқан жұмыстарды айтатын болсақ.
Біріншіден, Олимпиада ойындарына қатысу тәжірбиесі бойынша арнайы штаб құрылды. Бұл Олимпиада ойындарына дайындық мәселесін жете шешу шешуді күнделікті қарайды.
Екіншіден, Олимпиада ойындарына жолдама алуы мүмкін 70-тен астам жетекші спортшы белгіленді. Олимпиадада үздік ондықтың ішіне кіруі мүмкін 9 спортшы айқындалды. Олармен келісімшарт жасалды. Арасында бір олимпиада жүлдегері, 2 әлем чемипонатының жүлдегері бар, 2017 жылғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар", - деді ол.