Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске қол жеткізді

2 608

Фото: Ұлттық олимпиада комитетіҚатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы олжалаған. 

Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмағанын айта кетейік. 

Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. 

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.