Бұрынғы бас бапкер Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты пікірін айтты

2 887

Фото: Спортты дамыту дирекциясыБокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков U22 командасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты пікірін айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Бақыт қазір талаптанып жатыр. Жан-жақта жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауда. Жақсы көрсеткішке ұмтылып жүргені байқалады. Оның еңбегінің нәтижесін World Boxing өткізетін жарыстардан соң бағалаймыз.
Келесі жарысқа Қайрат Сәтжановпен бірлесіп, мықты команда жасақтауы керек. Біріксе, мамандар ауызбіршілікпен жұмыс істесе, жарқын жеңістердің де ауылы алыс емес.
Бастысы – бөлмеу керек, бөлінбеу керек. Бірікпесе, бокста жеңіс болмайды. Қазір Сәрсекбаев федерациядан бөлек деп жатқандар да бар. Федерацияны тыңдаған дұрыс. Бірі алға, бірі басқа жаққа тартпаса екен", — дейді Буданбеков.

Айта кетелік, 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев Дамир Буданбековтің жетекшілігімен Олимпиада чемпионы атанған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.