Альварестің Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн мен гонорары айтылды

343
Сауль "Канело" Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Деректерге сүйенсек, дереккөз "күрделі схема" деп атаған "Канелоның" жоспары мынадай:
  • 7 мамыр - "Канелоның" жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі;
  • 17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.
"Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.