Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында ел рекорды жаңарды

274
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Ақмолда Сайрамкез серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, Қазақстан рекордын орнатты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

-Жалпы, өз жаттығуыма көңілім толады, алайда 100 пайызға деп айта алмас едім. Жұлқа көтеруде тек бір мүмкіндікті ғана пайдалана алдым. Дәл осы жаттығуым бойынша жетілдіру мақсатында тағы да жұмыс істейтін боламын.

-Десе де, сербе көтеруде әр мүмкіндіктен кейін 10 келіден қосып отырдыңыз ғой…
- Иә, қосып отырдым және оған күшім жететініне сенімді болдым. Десе де, 157 келіден кейін белім мазалап, жайсыздық сезілгенде бас тартамын ба деп ойладым. Кейін бірінші орынды бұлай оңайлықпен ешкімге бермеймін деп шештім (күліп).

- Сіз туған жеріңізде өнер көрсеттіңіз (Сайрамкез Алматы облысының намысын қорғайды). Трибунада таныстарыңыз болды ма?
- Иә, әрине! Барлық туған-туыстарым, достарым келді. Осындай үлкен қолдауға ие болғаннан кейін олардың көңілдерін қалдыруға болмайтын еді.

- Турнирдің ұйымдастырылуы қалай болды?
- Барлығы, ұйым мен спортшылардың жаттығуларына дейін өте жоғары дәрежедеде болды. Барлығының осындай оффлайн жарысты сағынып қалғандары сезіледі. Әрқайсысы қабілетіне, шамаларына қарай қолдан келгенше жаттығуларын орындады. Мені қолдап, жарыстан кейін құттықтап жатқан баршаға алғысымды білдіремін.