Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды
Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.
Жазира Жаппарқұл Рио-де-Жанейро өткен 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақта күміс медаль иеленді.
ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстаған. Тағайындау барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өткен.
Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізген.







