Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

370
Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.

Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге қол жеткізген еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.