Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен жеңіске жетті

466
Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Италиядағы U17 әлем чемпионатына екінші медальмен марапатталды.
Юсуф Ашрапов 60 келіге дейінгі санатта жетістікке жетті. Үшінші орын үшін айқаста оған ирандық балуан Абольфази Миршакар қарсы тұрды. Жанберіс күресте Юсуф Ашрапов айласын асырды. Ол бір ұпай айырмашылығымен жеңді-11:10. Бұл марапат осы әлем чемпионатында қазақстандық команданың екінші жүлдесі. Бұған дейін қоланы Арсен Жұма жеңіп алған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.