Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионы атанды

2 121

Фото: IJFҚазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Спортшы қарсыласын уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңген.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Санжар Ерұланұлының финалдағы қарсыласы украиналық Лебид Дмитро болды. 

Әлем рейтингінде 5-ші орында тұрған қазақстандық спортшы әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті.

Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түсті. 

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жасар Санжар бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогін ұтқан. Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанған.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.