Үш минутқа кешіккен малайзиялық спортшы Паралимпиада алтынынан айырылып қалды

396
Халықаралық паралимпиада комитеті іс-шараға үш минутқа кешіккені үшін малайзиялық спортшыны алтын жүлдеден айырды деп хабарлайды BBC.

Ядро итеруші Мухаммад Зияд Золкефли F20 санатында алтынға қол жеткізген. Алайда іс-шараға үш минут кешіккені үшін дисквалификацияланған.

Бастапқыда Золкефлиге кешігуге себебі болғандықтан оған жарысқа қатысуға рұқсат берген. Алайда, кейінірек төреші кешігуіне айтарлықтай себеп болмағанын анықтапты.

Осыдан кейін күміс жүлде иеленген украиналық спортшы Максим Ковальға алтын медаль бұйырған.

Золкефлимен бірге кешіккен тағы екі қатысушы хабарландыруды естімегенін, оның басқа тілде айтылғанын хабарлаған. Алайда аппеляциялық шағым қабылданбаған.

Болған жайтқа қатысты әлеуметтік желілерде малайзиялықтар наразылықтарын білдірген. "Масқара! Әлемдік рекорд орнатып, ауыр еңбекпен иеленген медальді Зиядтан ұрламаңдар", - деді малайзиялық депутат Фахми Фадзил.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.