«Қайрат-Мәскеу» клубы «Зоркий» стадионын жалдайды

327

Фото: pixabay.com«Қайрат-Мәскеу» клубы Красногорсктегі «Зоркий» стадионына тұрақтайды. 

Қайрат Боранбаевтың жаңа клубы «Зоркий» стадионын, оның маңындағы қонақ үй мен кеңес дәуірінен қалған жаттығу алаңын жалға алады. Жаттығу алаңының төсеніші ауыстырылып, бірнеше нысанда жөндеу жұмыстары жасалады.

Жаңадан құрылатын команда биылдан бастап Ресейдің Кәсіпқой футбол лигасында «Батыс» аймағында бақ сынайды. КФЛ - Ресейдегі деңгейі жағынан үшінші дивизион.

«Қайрат-Мәскеу» командасы Красногорс қаласында тұрақтайды. Команданың тізгінін Кирилл Кекер ұстайды. Алдағы уақытта негізгі құрамға «Қайрат-Жастардың» ойыншылары шақыртылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.