Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы 2 медаль түсті

421
Кадеттер арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар екі қола медаль еншіледі, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

49 кг салмақта Достан Нәжімханов жартылай финалда ирандық Мохаммед мехди С. есімді спортшыға жол берді. Нәтижесінде ирандық әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар 61 кг өкілі Артур Пак үздік үштіктің қатарына енді. Артур финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте ирандық Р.Зейналиден айласын асыра алмады.
Осылайша қазақстандық таеквондошылар Софиядағы біріншілікте бір күміс және үш қола медаль еншіледі. Бұған дейін Ярина Пуганцова мен Нұрперзент Саматұлы жүлдегерлер қатарынан табылған. Осы категория бойынша: « Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты: Камиль Куруглиев алтын медаль иеленді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.