Үш алтын: Қазақстандық балуандар жауынгерлік өнер ойындарында топ жарды

2 535

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ күресінен ел намысын қорғаған ұлттық құраманың барлық палуаны жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Қазақстан қоржынына үш алтын, бір күміс пен бір қола салынды. 

 Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер ойындарында Жұмажан Қожамбеков (75 келі), Мәди Амангелді (85 келі) мен Роза Нысантайқызы (70 келі) алтын жүлдегер атанды.

 65 келі сақмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұр Аманшүкіров ақтық сында есе жіберіп, күміс жүлдені еншіледі. Ал Рауза Нұрмұхамбетова 60 келі салмақта қола медальді жеңіп алды. 

Айта кетейік, биыл ұлттық спортымыз алғаш жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына кірді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1-орын алса, Өзбекстан мен Қырғызстан үздік үштікті түйіндеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.