Атақты Макгрегор қыз зорлады деген күдікпен басы дауға қалды

1 553

Атақты UFC палуаны Макгрегор америкалық қызды зорлады деп күдікке ілінді, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі TMZ сайтына сілтеме жасап.


Қыздың адвокаты спортшыға, НБА-ға және "Майами хитке" ресми хаттар жолдады. Айтуынша, баскетбол ойындарынан кейін Макгрегор оны ерлер дәретханасында зорлаған.


Күзетші Макгрегорға көмектескен болуы мүмкін. Өйткені ол қызды досынан айырып, аралас жекпе-жек жұлдызына жәбірленушіні дәретханаға апаруға мүмкіндік берді делінген. Күзетші қыздың сыртқа шығуына жол бермей, жолын бөгепті. 


Құқық қорғаушының айтуынша, қыз кәсіби боксшыны бірнеше рет шынтақпен ұрып, қашып үлгерген. Енді жәбірленуші НБА және Макгрегормен сотқа дейінгі келісімге қол жеткізуге тырысуда.


Бокс жұлдызының командасы бұл айыптардың жалған екенін атап өтті.