Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

2 502

Фото: Владислав СеменовҚазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта traditional санаты бойынша ел намысын қорғады. Турнир барысында сәтті өнер көрсеткен Санжар жүлдеге таласта жартылай финалға дейін жетті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде қазақстандық спортшы тәжікстандық Отабек Раджабовпен күш сынасты. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде қарсыласы басым түсіп, Санжар ақтық сынға жолдама ала алмады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.