Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын аяқтады
361
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын хабарлады, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі.
Бұл туралы 21 жастағы спортшы Instagram-парақшасында жариялап, жазды.
"Құрметті жанкүйерлер, кәсіпқой спортшы ретінде карьерамды аяқтамақпын. Бұл жаңалықты бөлісу қиын болып отыр...
Көп адам арқам көптен бері мазалап жүргенін біледі. Амал не, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай қалды.
Мен үшін өмірімде бұл тараудың аяқталуы жаңасы басталғанын білдіреді. Мен қазір Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және олармен өз тәжірибемді бөлісемін. Мен әрқашан өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келген, ақыры осындай мүмкіндікке ие болдым", - деп жазды.
Қазақстан өкілі тарихта мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасындағы ресми жарыстарда төрттік секіруді (сальхов) орындаған алғашқы спортшы саналады. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық ретінде тарихта қалды.