"Жүлде қоры 25 мың доллар": Алматыда Олимпиада жүлдегері атанған тұңғыш қазақтың турнирі өтеді

2 386

Фото: Olympic.kz3-5 тамыз күндері Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді. Бұл бәсеке қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановтың атымен аталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл бәсеке қыркүйек айында Жапонияда өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Ереже бойынша спортшы әлем чемпионатына дейінгі бір жыл көлемінде республикалық деңгейден жоғары бес жарыста бақ сынауы тиіс. Содан соң, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Биылғы Қосанов мемориалына 15 мемлекеттен келген 150 атлет қатысады деп күтілуде.

Әлемдік ережеге сәйкес, бұл санаттағы турнирлердің жүлде қоры 25 мың АҚШ долларынан кем болмауға тиіс.

Айта кетелік, Ғұсман Қосанов Олимпиада ойындарының медалін иеленген тұңғыш этникалық қазақ. Ол 1960 жылғы Рим Олимпиадасында 4х100 эстафетаға жүгіруден КСРО құрамасы сапында күміс жүлдегер атанған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.