"Қызылжар" футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды

2 505

Фото: "Қызылжар" ФКҚаржы мониторинг агенттігі Петропавлдағы “Қызылжар” футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияны іздестіріп жатыр. Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе талан-таражға салды, салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті порталында жарияланған мәліметке сәйкес, іздеу жариялауға Қаржы мониторинг агенттігі бастамашы болған.

Іздестіру жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

5 қарашада Григорий Лорияны қылмыстық әрекетінің саралануы туралы хабардар ету үшін департаментке шақырған. Алайда ол келмеген. Осыдан кейін 6 қарашада тергеушінің оны сырттай қамауға алу туралы өтінішін қарау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотына шақырту жіберілген.

7 қарашада Лорияға қатысты іздестіру ісі тіркелгені белгілі болды.

Григорий Лория “Қызылжар” клубын 2014 жылдан 2024 жылдың наурызына дейін басқарған. Оның ұлы, ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Давид Лория биыл маусымда елордалық “Жеңіс” клубының бас директоры болып тағайындалған.

2024 жылы “Қызылжар” футбол клубында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған. Осы іске қатысты клуб бухгалтері Ольга Замелацкая қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осылайша ол 2026 жылдың қаңтарында 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.