ГОЛОВКИН МЕН ЗЕРАФА КЕЗДЕСУІ МҮМКІН

426
Головкин мен Зерафа кездесуі мүмкін,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде аустралиялық боксшы жергілікті спорт арнасына берген сұхбатында мәлемдеді. Яғни, Майкл Зерафа мен Генадий Головкин командалары арасында келіссөздер жүріп жатыр. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, ол қазақстандық боксшының титулдарын иемденетініне сенімді. Бұған қоса, Зерафа тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Ларамен де жекпе-жек ұйымадстырып, орта салмқатағы барлық белдікті біріктіруді көздейді. Айта кетейік, 30 жастағы Майкл Зерафа бүгінге дейін 34 жекпе-жек өткізіп, оның 30-ында жеңіске жетті. Тіпті, 19-ын уақытынан бұрын аяқтаған. 
Ал Генадий Головкин көрсеткіші 45 жекпе-жек, 42 жеңіс. Қазақстандық боксшы алдағы кездесу туралы әзірге пікір білдімеді. Өйткені, жерлесіміз IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен де жолығу қажет. Еске сала кетейік, қазіргі таңда Головкин еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белдіктері бар.