Ат спортынан Астанадағы халықаралық турнирлерде 14 медаль жеңіп алды

2 505

Фото:©olympic.kzАстанада ат спорты бойынша халықаралық турнирлер сериясы аяқталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш күнге созылған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бразилия, Беларусь, Марокко, Колумбия және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Турнир аясында конкур мен атпен мәнерлеп жүруден бірнеше халықаралық жарыс өтті. CSI-W Әлем кубогы кезеңінде өзбекстандық Хуршидбек Алимжанов жеңімпаз атанса, қазақстандық Бекжан Байжанұлы күміс жүлдеге ие болды. FEI Jumping World Challenge Final турнирінде бразилиялық Бернардо Краус Герра чемпион атанды. Өзбекстан өкілі Бекзод Розмухамедов күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар да жоғары нәтиже көрсетті. Олег Соколенко бірнеше жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанса, Раиса Соколенко, Нурила Турисбекова және Дарья Попова ел қоржынына медаль салды. Атпен мәнерлеп жүруден өзбекстандық Алина Шевцова бірнеше бағдарламада үздік нәтиже көрсетті.
Турнирдің басты бәсекесі – Grand Prix Maxima Masters Eurasia Cup CSI-W жарысында бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Богдан Васковский жеңіске жетті. Күміс жүлдені Ксения Хайрулина иеленсе, қырғызстандық Камил Сабитов үздік үштікті түйіндеді. Халықаралық турнирлер қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы өз алаңында 14 медаль жеңіп алып, жарысты табысты аяқтаған.