Әлем чемпионаты: Қазақстан грек-рим күресінен 13- орынға жайғасты

774

Фото: Prosports.kz.Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидің қола жүлдесінен кейін ел құрамасы медальдар кестесінде 13-орынға жайғасты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазірге дейін грек-рим күресінен әлемнің 13 мемлекетінен келген балуандар жүлдеге қол жеткізді.

Олардың арасында 4 алтын медаль алған Сербия көш бастап тұр. Екінші орындағы Әзербайжанның 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальі бар. Үздік үштікті 1 алтын, 3 қоламен Түркия құрамасы түйіндеді.

Сондай-ақ, медальдар кестесіне Армения, Қырғызстан, Грузия, Венгрия, Иран, Өзбекстан, Болгария, Дания, Украина, Қытай, Жапония құрамалары енгізілген.

Еске салсақ, әлемдік додада 60 келі салмақта сынға түскен Айдос 3-орын үшін сайыста венгриялық Кристиан Кечкеметиді 7:1 есебімен жеңді.

Айдос Сұлтанғали 1996 жылы 7 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бұған дейін 2018 жылы Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында да қола жүлде алған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.