Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы матчының үздік ойыншысы атанды

2 580

Фото: Қайрат ФКЧемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" пен "Олимпиакос" клубтары арасындағы кездесуде Темірлан Анарбеков үздік ойыншы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Командалар УЕФА Чемпиондар лигасының алтыншы туры аясында кездесті. "Астана Аренада" өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Ойынның 73-минутында Анарбековтің қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы –португалиялық шабуылшы Желсон Мартинш. Қазақстан құрамасының қақпашысы матч барысында сегіз сейв жасады.

"Оның көптеген сейві айып алаңының ішіндегі соққылардан болды, осылайша "Олимпиакостың" ірі есеппен жеңуіне тосқауыл болды", - деп түсіндірді УЕФА техникалық сарапшылары.

Матчта Темірлан Анарбеков "Қайрат" капитаны болды. Бұл – оның Чемпиондар лигасындағы төртінші ойыны. Жалпы қазақстандық қақпашы алты гол өткізген, 26 сейв жасап, бір матчта (кипрлік "Пафос" командасымен 0:0 есебімен тең түсті) қақпаға гол кіргізбеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.