Футболдан Қазақстан кубок ойындарының уақыты белгілі болды

610

7 маусымда өтетін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалындағы қарымта ойындардың уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың аталған сатысында сағат 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» командалары шеберлік байқасады.


Ал 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.


Петропавл және Қарағанды қалаларындағы ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Еске салайық, алғашқы кездесуде «Астана», «Тобыл» және «Ордабасы» өз алаңында «Тұран», «Шахтер» және «Қызылжарды» бірдей 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Ал «Қайрат» Алматы қаласында «Атыраумен» 1:1 есебімен тең түсті.


Жартылай финал ойындары 28 маусым және 8 шілдеге белгіленген. Финал 4 қараша күні өткізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.