Токио-2020: Данияр Қайсанов өзбек балуанынан ойсырай ұтылды

348
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Данияр Қайсанов Олимпиаданың қола жүлдесі үшін өткен күресте қарсыласынан ірі есеппен жеңілді. 

74 келі салмақта сынға түскен Данияр Олимпиаданың кіші финалында өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновпен кездескен болатын.
 
Қолаға таласта Қайсанов айтарлықтай қауқар көрсете алған жоқ. Қарсыласы айналдырған бір минут ішінде Даниярдан басым түсіп, 13:2 есебімен жеңіске жетті.
 
Данияр Қайсанов жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковтан да ірі есеппен ұтылған болатын.

 Осылайша, Данияр еркін күрестен Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр.
 
Еркін күрестен Қазақстан командасы еншісінде Нұрислам Санаев (57 келі) иеленген қола медаль бар.
 
65 келідегі Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.