Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының11 түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынды

2 062

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындарының жарысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін спорттық гимнастика, крикет, велоспорт, семсерлесу, садақ ату, ескек есу, скейтбординг, дзюдо, жүзу, таэквондо мен ушу бойынша финал ойындары өтеді.


Қазір Азия ойындарында 20 алтын медаль олжалап үлгерген ҚХР көш бастап тұр. Екінші орында – Оңтүстік Корея командасы болса, үшінші сатыда Жапония тұр. Қазақстан әзірге 10-орында тұр.


23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында спорттың 61 түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрі бойынша жүлдеге таласады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.