Қазақстандық велоспортшылар Париж Олимпиадасына тағы үш лицензия жеңіп алды
Бүгін шосседегі велоспорттың іріктеу кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан UCI ұлттық рейтингісінде 19-орында тұр. Бұл бізге ерлер арасындағы олимпиадалық топтық жарысқа екі тікелей жолдама, сонымен қатар жеке уақыт бойынша бір жолдама сыйлады. Дегенмен, бізде бұған дейін бір лицензия болды. Оны Глеб Брусенский 2023 жылы Азия чемпионатында топ жарып, жеңіп алған еді. Осылайша, бұл орын UCI рейтингі бойынша іріктеуден өте алмаған басқа елге беріледі.
Айта кетейік, елге маңызды ұпайды Алексей Луценко, Евгений Федоров, Глеб Брусенский, Даниил Марухин, Антон Кузьмин, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич және Андрей Зейц сыйлады. Токио Олимпиадасында бізде шосседегі велоспортта төрт лицензия болған, бірақ Парижде өтетін алдағы ойындарда рейтингілік квоталар қысқартылған еді.
Қазақстан 2008 жылдан бері алғаш рет әйелдер арасындағы топтық жарыста Олимпиадаға қатысады. Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова, Марина Кузьмина және Ангела Соловьева бірігіп, бір лицензияға қол жеткізді. Өкінішке қарай, рейтинг бойынша жекелей жарысқа өтуге мүмкін болмай тұр.