Допинг дауына іліккен Исламханның футболға оралуына қатысты ақпарат шықты

274
Kozhakhmet_inside_official телеграм арнасы Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан қараша айында қайтадан футбол ойнай алады деген ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда ол өз мансабын Қазақстанда жалғастырғысы келсе, келесі маусымды күту керек болады.

Мәлімет бойынша, Бауыржанның заңгерлері ойыншының екі жылдық шеттеуін қысқарта алмады. Азиялық футбол федерациясы Исламханды 2020 жылы қарашада жазаға тартқан еді. 

Осылайша, "Аль-Айнмен" келісімшарты бұзылған Бауыржан еуропалық клубтарға еркін агент ретінде бара алады. Ал Қазақстанда ол кезде маусым аяқталатындықтан, ешбір командаға қосыла алмайтын болар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.